• USD - 378.38
  • EUR - 431.05
  • CNY - 55
  • RUB - 6.02
  • АЕК - 2525
  • ЖТМ - 42500

Байланыс мәліметтері

Байланыс қызметі 1432, 8 800 080 80 10 E-mail: support@atameken.kz

Қызметті алушылар

  • Заңды тұлғалар
  • Жеке тұлғалар
  • Жеке кәсіпкер

Жас кәсіпкерлік мектебі

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Cипаттамасы

"Жас кәсіпкер мектебі құрауышы (бұдан әрі - "ЖКМ" жобасы) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесуге, жас адамдарды кәсіпкерлік қызметке белсенді тартуға, жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары "ЖКМ" жобасының тыңдаушылары бола алады. "ЖКМ" жобасы: 1) жастарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытуды; 2) бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді; 3) "ЖКМ" жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауын ұйымдастыруды; 4) "ЖКМ" жобасы тыңдаушыларының неғұрлым сәтті бизнес-жобаларын таныстыру арқылы өңірлерде "Идеялар жәрмеңкесі" конкурсын ұйымдастыруды; 5) үздік бизнес-жобаларға - "Идеялар жәрмеңкесі" конкурсының жеңімпаздарына қаржыландыру алуға жәрдемдесуді көздейді. Оқыту процесінде "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен бизнес-жоспарды дайындау негіздері бойынша оқу-әдістемелік материалдар, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары ұсынылады. Бұл материалдар қағаз және/немесе электронды жеткізгіштерде ұсынылады. "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларын оқыту және оқу-әдістемелік материалдарды, шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтарын ұсыну өтеусіз негізде жүзеге асырылады. "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларын оқыту КҚКО-да жүзеге асырылады. Оқыту қорытындылары бойынша бизнес-жоспарларын сәтті қорғаған жағдайда, "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларына "ЖКМ" жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификат беріледі. "ЖКМ" жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы Бағдарлама шеңберінде гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға құқық береді. "ЖКМ" жобасын қаржыландыру қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қызмет көрсетудің орындалу мерзімі

5 жұмыс күндері
Қызметке тапсырыс беру

Для того, чтобы разместить наше приложение у себя на главном экране нажмите сюда

А затем выберите На экран "Домой"