• USD - 376.26
  • EUR - 425.63
  • CNY - 55.61
  • RUB - 5.68
  • АЕК - 2525
  • ЖТМ - 42500

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту»

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Cипаттамасы

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясында «Бастау Бизнес» жобасын іске асыруда. Жоба ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыға үйретуге, соның ішінде ауылшаруашылық кооперативтерін құру принциптеріне оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз тұлғаларды кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудың мақсаты – кәсіпкерлік, бизнес, экономика, менеджмент пен маркетинг негіздері бойынша базалық білім беру; өз таңдауы үшін жауапкершілікке дағдыландыру және кәсіпкерлік қабілеттерді, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; заманауи нарықтық жағдайларда болашақтағы өз ісі үшін дағдылардың практикалық базасын құру. Оқыту бағдарламасының базалық негізі 12 модуль болып табылады. Онда салық салу режимдері, аталған саладағы заңнама туралы, маркетинг негіздері, ауылшаруашылық кооперативтерін құру қағидаттары, бизнес ашу үшін сұраныстағы бағыттар жайында білім алуды қарастырады. Жоба географиясы: 2017 жылы жоба еліміздің 14 облысының 80 ауданында іске асырылды. 2018 жылы 160 ауданда және моноқалаларда іске асырылуда. Кәсіпкерлік негіздеріне оқуға қатысушылар болып ауылдық елді мекендерде, аудан орталықтарында тұратын ауыл тұрғындары (биыл моноқалалар халқы қосылды) – бизнес ашқысы келетін, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген/тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек). Курс ұзақтығы – 1 ай. Топтық тәжірибелік оқыту ұзақтығы 80 сағат, оқытуды бизнес-тренер интерактивті түрде, заманауи оқыту әдістемесін қолдана отырып жүргізеді. Жеке оқыту бизнес-жоспар дайындаудан немесе бизнес-жобаны дамыту бойынша консультация беруден тұрады және жалпы ұзақтығы бір топқа 120 сағаттан аспайды. Оқыту тегін. Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді. Оқу аяқталған соң қатысушылар Бағдарлама бойынша 7 жыл мерзімге, жылына 6 %-пен жеңілдікті кредит (микрокредиттің ең жоғары сомасы 8000 АЕК) алуға мүмкіндік беретін сертификат алады.

Қызмет көрсетудің орындалу мерзімі

30 жұмыс күндері
Қызметке тапсырыс беру

Для того, чтобы разместить наше приложение у себя на главном экране нажмите сюда

А затем выберите На экран "Домой"